Өңірлер

Сенбіге арналған ауа райы болжамы

© Sputnik / Евгений Одиноков / Медиабанкке өтуЖаңбыр
Жаңбыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сенбі күні еліміздің батысында жел тұрып, аптап ыстық болады

АСТАНА, 2 қыркүйек – Sputnik. Республиканың солтүстігі мен солтүстік-шығысында түнде өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, еліміздің қалған бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Күз - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қыркүйек айына арналған ауа райы болжамы

Республиканың кей жерлерінде жел тұрып, батысы, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында шаңды дауыл соғады, солтүстігінде кей жерлерде – тұман.

Ақмола облысында кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с, түнде және таңертең күн күркіреп, тұман түседі.

Павлодар облысында кей жерлерде тұман түседі, түнде күн күркірейді.

Оңтүстік Қазақстан облысында, күндіз Қызылорда, Атырау облыстарында кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с, шаңды дауыл соғады.

Жамбыл облысында – кей жерлерде шаңды дауыл соғып, таңертең және күндіз желдің екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с.

Күндіз Атырау, Ақтөбе облыстарында аптап ыстық, кей жерлерде одан да аптап ыстық болады.

Қызылорда, Алматы, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында кей жерлерде аптап ыстық.


Жаңалықтар
0