Қоғам

"Қазатомөнеркәсіптің" жаңа басшысы тағайындалды

© Photo : официальный сайт АО "НАК "Казатомпром"Галымжан Пирматов
Галымжан Пирматов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Қазатомөнеркәсіп" басқармасының бұрынғы төрағасы Асқар Жұмағалиев ҚР премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды

АСТАНА, 31 тамыз – Sputnik. "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық  компаниясы жаңа Басқарма төрағасы болып Ғалымжан Олжаұлы Пірматов тағайындалды, деп хабарланады компанияның ресми сайтында. 

Бұдан бұрын "Қазатомөнеркәсіп" басқармасының төрағасы қызметін Асқар Жұмағалиев атқарған. Ол ҚР премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды. 

Пірматов бұған дейін ҚР Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары болып жұмыс істеген.

Сайттың ақпаратына сәйкес, Пірматовтың кандидатурасы компанияның жалғыз акционері "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ-ның шешімімен бекітілген. Қор басшысы атап өткендей, Пірматов атом өнеркәсібінде жұмыс тәжірибесі бар кәсіби басшы. 2009-2011 жылдар аралығында Ғ. Пірматов "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ-ның экономика және қаржы жөніндегі вице-президенті болды. 2011-2015 жылдары "Cameco Kazakhstan" тау-кен компаниясын басқарды.

"Ғалымжан Пірматов – атом индустриясында жақсы танымал жоғары білікті маман. Ол саламен жақын таныс, сондықтан компания алдында тұрған мақсат-міндеттерді толық орындап, қазір салада жүріп жатқан жүйелі реформаларды соңына жеткізе алады", — деді Шөкеев.

Кездесуге Қазатомөнеркәсіптің бұрынғы басшысы, бүгінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев қатысты. Ол Қор басшылығы мен ұлттық атом компаниясының ұжымына бірлесе атқарған жемісті жұмыс үшін ризашылығын айтып, жаңа басшыға табыстар тіледі.

Еске сала кетсек, ҚР Президентінің 2017 жылғы 29 тамыздағы Жарлығымен Асқар Жұмағалиев ҚР Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалған болатын.


Жаңалықтар
0