Оқиға

Құлжа тас жолында орын алған көлік апатында екі қыз қаза тапты

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуРөлдегі әйел адам
Рөлдегі әйел адам - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жүргізуші жас қыз Алматы облысында бетон қамалға соғылып, екі жолаушысы қайтыс болды

АСТАНА, 31 тамыз — Sputnik. Алматы-Көкпек-Көктал тас жолында орын алған жол-көлік оқиғасында екі жас қыз қайтыс болды. 

Оқиға 29 тамызда Қаратұрық ауылының маңында орын алды. Алматы қаласының 19-жасар тұрғыны жүргізген Chevrolet Aveo автокөлігі жол бойында қоршалған бетон қабырғаға соғылған. Оқиға орнында көліктің жолаушылары, 19-жасар екі қыз көз жұмды. 

Жүргізуші қыз жеңіл жарақат алып, ауруханаға барудан бас тартқан. 

Оқиға бойынша ҚР ҚК 4-бөлімі 345-бабы бойынша іс қозғалды. Іс облыстық тергеу істерінің басқармасының қарамағына берілді. Бірқатар  сараптамалар белгіленді. 


Жаңалықтар
0