АСТАНА, 30 тамыз – Sputnik. Конституция күні республикамыздың барлық облыстары мен қалаларында дәстүрлі түрде бұқаралық, мерекелік тойлау және көркемөнерпаздар концерті өтеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.
30 тамыз Конституция мерекесін тойлау аясында Астанада көптеген мәдени-бұқаралық шаралар мен концерттер өтеді.
11:00-де «Арай» саябағында Амфитеатрдың салтанатты ашылуы болады.
17:00-ден 19:00-ге дейін Қазақстан Республикасының Конституциясы күні Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениет күндері аясында «ЭКСПО-ға Оңтүстіктен ән шашу!» атты гала-концерт өтеді.
18:00-ден 23:00-ге дейін әкімдік ғимаратының алдындағы қалалық алаңда Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне арналған концерт болады.
Сондай-ақ, 18:00-ден 23:00-ге дейін әкімдік ғимаратының алдындағы қалалық алаңда (Бейбітшілік көшесі 11) және "Бәйтерек" монументінің алаңында қазақстандық әртістердің қатысуымен мәдени-ойын сауық бағдарламасы ұсынылады. Жиналғандарға көпшіліктің сүйікті орындаушылары Ерке Есмахан, Әли Оқапов, Шахризат, Ринат Мальцагов, Күләйім Қайырбаева және тағы да басқа әртістер өнер көрсетеді.