АСТАНА, 29 тамыз – Sputnik. Қазақстанда ашылған МАГАТЭ банкі үшін төмен байытылған уранды сатып алуға тендер ағымдағы жылы басталады.
"Амано мырзаның айтуынша, алғашқы тендер осы жылы өтіп, 2018 жылдың басында алғашқы жеткізулер болуы тиіс", — деді Бозымбаев сейсенбіде журналистердің банкке алғашқы материалдар қашан жеткізіледі деген сұрақтарына.
Өз кезегінде, МАГАТЭ-ның бас директоры Юкиая Амано ұсыныс баға жақында шығарылып, тендер барынша ашық болады деп қосты.
"Тендер ашық болады, процесс БҰҰ-ның сатып алулар бойынша тәжірибеге сәйкес болады. Егер жеткізуші шарттарға сай келсе, ол қатысып, өз ұсыныстарын жасай алады. Сатып алу процесі басталып қойды, бірақ мен әзірге егжей-тегжейін хабарлай алмаймын", — деп атап өтті МАГАТЭ-ның бас директоры.