Қоғам

Жаңа білім және ғылым вице-министрі тағайындалды

Жазылу
35 жастағы Асхат Аймағамбетов оқытушылық және басшылық қызметтерді атқарған

АСТАНА, 29 тамыз — Sputnik. Асхат Аймағамбетов "Болашақпен" оқуға кететін Эльмира Суханбердиеваның орнына уақытша білім және ғылым вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚР премьер-министрінің сайты. 

Асхат Аймағамбетов 1982 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. 2003 жылы Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ тарих факультетін "тарихшы, тарих мұғалімі" біліктілігі бойынша тәмамдаған. 

Астана қаласының прокуратурасы - Sputnik Қазақстан
Саясат
Қазақстаның жеті облысында прокурорлар ауысты

2006 жылы – Қарағанды "Болашақ" актуалды білім беру институтының заң факультетін "құқықтану" мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 2002 жылы Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ-ден бастаған, 2004-2005 жылдары "Аңсар" жастар лигасы ҚБ төрағасы болған, 2005-2006 жылдары "МЕДИА СП" ЖШС директоры, 2006-2012 жылдары Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ саясаттану және әлеуметтану кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, доценті ретінде қызмет атқарған. 

2012-2014 жылдары Нұра ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары қызметін атқарған. 2014 жылғы ақпан айынан бастап қазіргі күнге дейін Қарағанды облысы білім беру басқармасының басшысы болды. 

2003-2012 жылдар аралығында Қарағанды қалалық мәслихатының III және IV шақырылымдарының депутаты, қала мәслихатының әлеуметтік мәселелер бойынша тұрақты комиссиясының төрағасы болып сайланған. 

 

 

Жаңалықтар
0