АСТАНА, 28 тамыз — Sputnik. Астанадағы Оңтүстік Қазақстан облысы күні 40 тонна қауын мен қарыз таратудан басталады.
"Нұрсая" ТК маңындағы жәрмеңкеде 29 тамыз сағат 13.00-де біз ОҚО-нің дәмді жемістерін тегін таратын боламыз. Бір қолға не қауын, не қарбыз алады. Біз 40 тонна әкелдік. Ол екі КамАЗ көбіне жетеді", — деді Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз хатшысы Бейсенбай Тәжібаев.
Бұдан бөлек, 1 қыркүйекте қонақжай оңтүстік 5 мың порция палау әзірлейді. Оны Құрбан айттың бірінші күніне орай этноауыл қонақтарына тегін таратады. Этноауыл "Қазанат" ипподромының аумағында орналасқан.
Астанадағы Оңтүстік Қазақстан облысы күні 29 тамыз және 3 қыркүйек аралығында өтеді.