Оқиға

Телефонын алып шығу үшін Ертіске сүңгіген ШҚО тұрғыны батып кетті

© Photo : Комитет по ЧС МВД Республики КазахстанСу
Су - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Телефоны үшін паромнан өзенге секірген елу үш жасар ер адам қаза тапты

АСТАНА, 28 тамыз — Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында өзенге түсіріп алған ұялы телефонын алып шығу үшін сүңгіген ер адам батып кетті.

Sputnik Қазақстан агенттігіне Шығыс өңірлік аэромобильді жедел құтқару отрядының бас құтқарушысы Анатолий Рожков айтып бергендей, қайғылы оқиға Дөлен ауылында Ертістің қос жағалауы арасында қатынайтын паромда болған.

"1964 жылы туған ер адам телефонын суға түсіріп алған. Куәгерлердің айтуынша, ол ұялы телефонын алып шығамын деп суға сүңгиді де, қайта жүзіп шыға алмайды. Оны біздің құтқарушы сүңгуірлер алып шықты. Онша терең емес болатын – 2-2,5 метр еді", — дейді Рожков.

Яғни, Рожков түсіндіргендей, паромның ауданы үлкен болғандықтан, ер адам малтып жүзіп шыға алмаған.

Жаңалықтар
0