АСТАНА, 28 тамыз — Sputnik. Қазақстан халқы осы аптада үш күн жұмыс істеп, төрт күн демалады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
30 тамыз елімізде Конституция күні тойланады. "ҚР Мерекелер туралы" заңына сәйкес бұл күн мемлекеттік мейрам болып табылады, сондықтан демалыс күні болып есептеледі.
31 тамыз қазақстандықтар жұмыс істейді. Ал 1 қыркүйек тағы бір мерекелік күн күтіп тұр. Бұл күні мұсылмандардың ұлық мейрамы – Құрбан айт басталады. 2,3 қыркүйек әдеттегі демалыс күндері – сенбі және жексенбі.
© Sputnik2017 жылғы мерекелік және демалыс күндерінің күнтізбесі
2017 жылғы мерекелік және демалыс күндерінің күнтізбесі
© Sputnik