АСТАНА, 28 тамыз — Sputnik. Еліміздің кей өңірінде күн 41 градусқа дейін ысиды, деп хабарлайды Қазгидромет.
Республикамызда өткен тәуліктерде ауа температурасы климаттық нормадан 2-7 градус жоғары болды. Алдағы күндері батыс, солтүстік, орталық және шығыс облыстардың кей аудандарында өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, бірақ кей жерлерде ауа температурасы 28-37 градусқа дейін көтеріледі.
Республиканың оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарында Батыс Азиядан өте ыстық ауа келеді, сондықтан күн қатты ысып, күндізгі ауа температурасы 32-41 градус болады.
Сондықтан Қазақстанның бүкіл аумағында ауа температурасы нормадан 2-8 градус жоғары күйінде сақталады.