АСТАНА, 28 тамыз — Sputnik. Қазақстан территориясы антициклонның ықпалында болады, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, тек солтүстік-батыста және солтүстікте атмосфералық фронттардың өтүіне байланысты кей жерлерде өткінші жаңбыр найзағаймен болады. Кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауылмен соғады, де хабарлайды Қазгидромет.
Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, күндіз Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, Қызылорда облысында шаңды дауылмен бірге күшейеді.
Күндіз Қостанай облысының, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде найзағай күтілуде, жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай күтіліп, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде күндіз найзағай күтілуде. Күндіз Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық ауа райы сақталады.
Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, кей жерлерде Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Ақмола облыстарында өте жоғары өрт қауіпі сақталады.