АСТАНА, 27 тамыз — Sputnik. Air Astana ұшағы Анталья әуежайынан техникалық ақауға байланысты ұша алмады, деп хабарлады ҚР Инвестиция және даму министрлігі азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.
"26 тамызда Air Astana әуе компаниясының Анталия — Астана рейсі Boing 757 ұшағының техникалық ақауына байланысты орындалмады. Бастапқы мәлімет бойынша, ұшақ 27 тамызда жергілікті уақыт бойынша 13:00-де ұшады", — деп атап өтті комитет.
Әуе тасымалдаушысының мәліметіне сүйенсек, жүз отыз сегіз жолаушы Sera Hotel қонақ үйіне орналастырылған, оларға тамақ берілді.
Кейінірек әуе компанияның баспасөз хатшысы хабар бергендей, жолаушылар саны — 143 адам, оларға басқа ұшақ жөнелтілді. Рейстің ұшу мерзімі — 27 тамыз, жергілікті уақыт бойынша сағат 12:00.