Өңірлер

Жексенбіге арналған ауа райы болжамы

© Sputnik / Серикжан КовланбаевАптап
Аптап - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Еліміздің кей жерлерінде жел тұрып, оңтүстікте шаңды дауыл соғады

АСТАНА, 27 тамыз — Sputnik. Қазақстанның басым бөлігінде антициклонның ықпалы сақталып, ауа райы жауын-шашынсыз болады, тек солтүстік-батыс пен солтүстікте атмосфералық фронттардың өтуімен кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді, деп хабарлады "Қазгидромет" метео қызметі.

Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстарында, күндіз Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарында желдің екпіні кей жерлерде — 15-20 м/с, Қызылорда облысында шаңды дауыл соғады.

Қостанай облысында, күндіз Қарағанды облысында кей жерлерде күн күркірейді, желдің екпіні — 15-20 м/с.

Маңғыстау облысында түнде кей жерлерде күн күркіреп, күндіз кей жерлерде жел тұрады — 15-20 м/с.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында күндіз күн күркірейді.

Күндіз Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарында кей жерлерде аптап ыстық.

Ақтөбе, Атырау, Қызылорда облыстарында, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Ақмола облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі бар.

Жаңалықтар
0