Оқиға

Әуе кемесінің жоспарланбаған қону себебі мас жолаушының дөрекі қылығы болды

© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтуұшақ
ұшақ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Анталия – Шымкент ұшағы Ақтауда қонуға мәжбүр болды

АСТАНА, 26 тамыз – Sputnik. Анталия – Шымкент рейсін жасаған ұшақ Ақтауда қонуға мәжбүр болды, деп жазады "Лада" басылымы. 

Бейсенбі, 24 тамызда, ұшақ командирі бұл  шешімді борттағы жолаушының дөрекі қылығы үшін қабылдады.  

"Ол және жанында отырған жолаушы арасында жанжал туындады. Жанжалқой өзін дөрекі ұстап, айғайлады, бортсеріктің талатарын орындамады. Атаған дерек бойынша материалдар жиналып, Ақтау әкімшілік соты оны қамауға алу туралы қаулы шығарды", — деді Ақтау ішкі істері желілік бөлімінің бастығы Серікқали Күжиев. 

Сараптама жолаушының жеңіл дәрежеде мас болғанын анықтады. 

Ережелерді сақтамай, қолайсыздық келтіргені үшін жолаушыға 10 айлық есептік көрсеткішке айыппұл салынады немесе 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. 

Басылымның хабарлауынша, жолаушы уақытша ұстау изоляторына отырғызылды. 


Жаңалықтар
0