АСТАНА, 25 тамыз — Sputnik. Астанада әйел бір жасар баласымен бірге 12-қабаттан құлап кетті, деп хабарлады елорданың ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Полицияның ақпараты бойынша 41 жастағы әйел мен бір жасар бала Шәкәрім Құдайбердіұлы көшесіндегі көп қабатты үйдің 12-қабатынан құлаған. Әйел сол жерде көз жұмды, бүлдіршін көптеген жаратқатпен балалар ауруханасына жеткізілді.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Полицейлер тексеріс жүргізуде.