АСТАНА, 25 тамыз — Sputnik. Әуесқой бокста екі рет Олимпиада ойындарының жүлдегері атанған қазақстандық боксшы Иван Дычко кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуін қашан өткізетіні белгілі болды, деп жазады vesti.kz.
Отандасымыз кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуін 23 қыркүйек күні өткізеді. Бірақ Дычконың қарсыласы әлі анықталған жоқ.
Еске салайық, Иван Дычко жыл басында кәсіпқой боксқа ауысып, маусым айында The Heavyweight Factory деп аталатын америкалық промоутерлік компаниямен келісімшарт жасады. Қазір отандасымызды ресейлік кәсіпқой боксшы Сергей Ковалевтің бұрынғы бапкері Дерек Сантос-Россарио жаттықтырып жатыр. Сонымен қатар Дычконың дайындығына ауыр салмақта бұрынғы әлемнің абсолютті чемпионы Эвандер Холифилд те көмектесіп жүр.