АСТАНА, 25 тамыз — Sputnik. Демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде күн ыстық болады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Ауқымды антициклон республиканың басым бөлігіне әлі де ықпал етеді, осының әсерінен аз бұлтты және ыстық ауа-райы сақталады. Тек батыста атмосфералық фронттың өтуіне байланысты өткінші жаңбыр жауып, күн күркіреп, бұршақ түсуі мүмкін.
Күндіз термометр бағанасы 28-38 градусқа дейін көтеріледі, ал шығыс, батыс және оңтүстік-шығыста күн 25-33 градусқа дейін ысиды.
Астанада демалыс күндері жаңбыр жаумайды. Күндіз ауа температурасы +31+33°С болады.
28 тамызда өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Күндіз ауа ауа температурасы +30+32°С болады.