Қызылордалық жұп "Ты супер! Танцы" сайысының жеңімпазы атануды армандайды

Жазылу
Таныс болыңыздар, бұл Қызылордалық Рома Дмитриев пен Рамиля Камбарова. Олар 2-қыркүйек күні Мәскеуде басталатын "Ты супер! Танцы" Халықаралық би сайысының қатысушылары

Рома мен Рамилия — "Атамекен" балалар деревнясының тәрбиленушілері. Қазіргі уақытта олар Мәскеу қаласында өз өмірлерінде алғаш рет болатын ерекше сәтке қызу дайындалып жатыр. Жарқын қала жас жеткіншек қазақстандықтарды ерекше жылы шыраймен қарсы алды. Филлип Киркоровтың тыңдарманы Рома мен болашақ стюардесса Рамиля көрермендерге қандай тосын сый дайындап жатқаны әзірге құпия сақталып отыр. 

"Ты супер! Танцы" шоуының премьерасы НТВ телеарнасында 2 қыркүйек күні басталады."Ты супер! Танцы" Халықаралық сайысы НТВ телекомпаниясы мен Халықаралық ақпарат агенттігі және Sputnik радиосы тарапынан өткізіліп жатыр. Жоба, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған талантты балаларға үлкен сахнаға шығуға мүмкіндік береді. Сайысқа Ресей, ТМД және Балтық елдерінен 18 жасқа дейінгі балалар қатысады. 

 

Жаңалықтар
0