АСТАНА, 25 тамыз – Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаевтың інісінің өгей ұлы мен оның жары – Малайзия премьерінің қызы – балалы болды, деп хабарлайды malaysiakini.com. сайты.
Малайзия премьер-министрі Наджиб Разак өзінің Twitter желісіндегі парақшасында қуанышты жаңалықпен бөлісті.
"Менің жаңа туған немерем Адам Разак! Аллаға шүкір, Джина мен сәбиінің жағдайы жақсы", — деп жазды саясаткер.
My new grandson, Adam Razak! Alhamdulillah, syukur kepada Allah, Gina dan baby kedua-duanya berada dalam keadaan sihat. pic.twitter.com/Ez4yNwCcmc
— Mohd Najib Tun Razak (@NajibRazak) 24 августа 2017 г.
Қазақстандық БАҚ-тың хабарлауынша, Нуриана 2015 жылы Данияр Кексікбаевқа тұрмысқа шықты. Жас жұбайлар АҚШ-та оқып жүрген кезде танысқан. Кексікбаев Нью-Йорктегі Колумбиялық университетті тәмамдады. Нуриана Наджва Вашингтондағы Джорджтаун университетінің халықаралық қатынастар факультетінің түлегі.
Бірқатар БАҚ-тың хабарлауынша, Данияр Кексікбаев Майра Құрманғалиеваның бірінші некесінен туған ұлы. Құрманғалиева Болат Назарбаевтың бұрынғы әйелі болып табылады.