Қоғам

Алматылық мұғалімдерге ақша жинауға жол бермеу туралы ескертілді

© SputnikСабақ кезіндегі оқушылар
Сабақ кезіндегі оқушылар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қалалық білім беру басқармасының мәліметтері бойынша, соңғы үш жыл ішінде ата-аналардың ақша жинау мәселесіне қатысты шағымдары үш есе қысқарды

АСТАНА, 25 тамыз – Sputnik. Жыл сайынғы тамыздық кеңестің өтуі барысында алматылық мұғалімдерге оқушылар мен олардың ата-аналарынан ақша жинауға жол бермеу туралы ескертілді. 

Алматы білім беру басқармасының жетекшісі Рахат Шимашева өз сөзінде, қалалық билік өкілдерінің қандай да бір қажеттіліктер үшін ақша жинауға тыйым салу туралы үнемі айтылып отыратынын атап өтті. 

Рахат Шамшиева: "Жыл сайын білім беру басқармасы тарапынан білім беру ұйымдарына ақша жинауды болдырмау туралы нақты тапсырмалары бар арнайы хаттар жолданады", — деді.

Ол сенім телефоны, сонымен қатар оқушылардың ата-аналарымен тікелей байланыс жасайтын сайттың бар екенін ескертті. Нәтижесінде осындай шаралардың арқасында соңғы үш жыл ішінде ата-аналар тарапынан ақша жинауға қатысты түскен шағымдардың саны үш еседен астам азайған. 

Ол: "Алайда, жекелей факторларға байланысты мектептер мен балабақшаларды ақша жинау жүзеге асырылады. Әріптестер, сіздерде мектептер мен балабақшаларға ақша жинауға қатысты ешқандай негіздемелер жоқ. Жаңа оқу жылының қарсаңында түрлі қажеттіліктерге арнайы ақша жинауға түпкілікті жол бермеу туралы тағы да ескертіп айтамын", — деді. 

Сондай-ақ, қала әкімінің тапсырмасы бойынша екі жыл бойы тоқсан сайын бірінші басшылар тарапынан мемлекеттік мекемелер мен коммуналды кәсіпорындардың кірістері туралы есептер жүргізіліп, білім беру басқармасы мен қол астындағы мекемелердің сайттарына жарияланып отырады. 

 

 

Жаңалықтар
0