АСТАНА, 24 тамыз — Sputnik. Шымкентте құрылыс дүкендері топтасқан көшеде қоймалар өртенді, деп хабарлады Оңтүстік Қазақстан облысы ТЖ департаментінің баспасөз қызметі.
Құрылыс дүкендерінің бірінің аспашамдар мен пластик заттарын сақтау және сату бойынша контейнер түріндегі қоймалар бейсенбі күні түсте өртенді.
Өртті сөндіру үшін бір сағаттан астам уақыт қажет етілді. Өртті жоюға өрт сөндіру қызметінің 118 адамы мен 19 арнайы техника тартылды.
Тұтану ауданы 270 шаршы метрді құрды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Өрт себебі мен зиян мөлшері нақтылануда.