Қоғам

Қазақстанда телефонмен сөйлесудің тыңдалғаны ескертілетін болды

© Sputnik / Григорий Сысоев / Медиабанкке өтуТелефон
Телефон - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елімізде қылмыстық процеске өзгеріс енгізілмек

АСТАНА, 24 тамыз — Sputnik. Қазақстандықтарға тергеу барысында оларға қатысты жасырын тергеу амалдары жүргізілгені туралы, мәселен телефонмен сөйлескені тыңдалғаны туралы ескертілетін болады, деп хабарлады Қазақстан Жоғары сотының судьясы Ербол Рахимбеков.

сот отырысы - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Қазақстандық сот Google-ды жауапқа тартты

Судья атап өткендей, елде қылмыстық процесті реформалау туралы ірі жұмыс жүргізілуде. Жұмыс алты негізгі басымдықпен бір жүйеге келтірілген, оны жұмыс тобы жасап шығарған.

"Басымдықтарды анықтауда халықаралық тәжірибе мен біздің құқықтық жүйенің ерекшеліктері ескерілді. Оны мемлекет басшысы құптады және қазір де енгізіліп жатыр", — деп жазды Рахимбеков Facebook парақшасында.

Біріншіден, азаматтардың құқықтары сақталу деңгейін көтеру үшін қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасын қолданбауға мүмкіндік беретін негіздемелер тізімін кеңейті. Негізінен, кәсіпкерлік қызметтегі қылмыстарға қатысты. Алайда ол ұйымдасқан қылмыстық топ пен қылмыстық қауымдастыққа қатысты істерде әсер етпейді.

Тағы бір өзгерістердің бірі, Германия еліне ұқсас норма ұсынылды. Соған сәйкес тұлғаларға қатысты жасырын тергеу амалдары қолданылғанда оларға міндетті түрде ескертілуі тиіс.

Жаңалықтар
0