Видео

Екатеринбургтен келген каскадерлер ЭКСПО көрмесінде жұртты таңғалдырды

Жазылу
Bankai Organization акробаттық паркур-шоуының қатысушылары ЭКСПО келушілерін таңғалдырған. Паркуршылар қатар тұрған алты еркітінің үстінен секіріп өтті.

Екатеринбургтен келген Bankai Organization сегіз жыл бойы қойылым қойып, қайталанбас шоу жасап келеді. Олардың шығармашылығымен көпшілік SOCHI 2014 Олимпиадасы кезінде танысқан болатын.

Жігіттер әлемнің талай қалаларын тамсандырып келеді, олардың арасында Мәскеу, Санкт-Петербург, Дубай, Гонконг, Шанхай, Мумбаи, Берлин, ал енді Астана бар.

ЭКСПО көрмесіне каскадерлер Свердлов облысы апталығына қолдау көрсету үшін келіпті.

Жаңалықтар
0