АСТАНА, 21 тамыз – Sputnik. Еліміздің басым бөлігінде күн ыстық болады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Ауқымды антициклон республиканың басым бөлігіне әлі де ықпал етеді, осының әсерінен жауын-шашынсыз ыстық ауа-райы сақталады.
Тек аумақтың батысында атмосфералық фронттың өтуіне байланысты өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, екпінді жел соғып, ауа температурасы төмендейді деп болжанып отыр.
Солтүстік пен оңтүстік және орталықта күндіз термометр бағаналары 28-36 градусқа, ал шығыс және оңтүстік-шығыста 22-30 градусқа дейін көтеріледі.