Спорт

Астанадағы әлем чемпионатында қырғыз көкпаршысы тәртіп бұзды

© Sputnik / Айымгүл ӘбілКөкпар
Көкпар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Астанада көкпардан әлем чемпионаты өтіп жатыр

АСТАНА, 23 тамыз — Sputnik. Астанада көкпардан өтіп жатқан әлем чемпионатында қырғыз командасының ойыншысы тәртіп бұзды. Ол келесі ойыннан шеттетілуі мүмкін, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Көкпар ойыны - Sputnik Қазақстан
Спорт
Қазақстандықтар Астанада көкпар бойынша ӘЧ Ауғанстан командасын ойсырата жеңді

Чемпионаттың үшінші күнінде қырғыздар түрік командасымен көкпар тартысты. Ойын біткеннен кейін қырғыз көкпаршысы Рустам Тыналиев тартыс алаңында тәртіп бұзып, төрешілерден ескерту алды.

"Ойын бітпей жатып, жейдесін шешіп, беліне байлап алды. Ойын біткен жоқ қой, ұлттық арна түсіріп жатыр. Бүкіл әлем көріп отыр. Ойынды сыйлау керек. Екі команда қол алысып, ойын біткеннен кейін шешу керек. Енді оны ойыннан шеттету немесе шеттетпеу мәселесін төрешілер шешеді", — деді ойын кезінде алаңда болған төреші Нұрдәулет Момынов. 

Жарыста қырғыздар түрік көкпаршыларын 13:3 есебімен жеңді.

© Sputnik / Айымгүл ӘбілКөкпар
Көкпар - Sputnik Қазақстан
1/2
Көкпар
© Sputnik / Айымгүл ӘбілКөкпар
Көкпар - Sputnik Қазақстан
2/2
Көкпар
1/2
Көкпар
2/2
Көкпар
 

Айта кетейік, Астанада көкпардан әлем чемпионаты тамыздың 20-28 аралығында өтеді. Жарысқа 11 елден 200-ге жуық спортшы келді. Әзірбайжан көкпаршылары чемпионатқа келе алмады. Жалпы жүлде қоры 18 миллион теңге.

Жаңалықтар
0