АСТАНА, 23 тамыз – Sputnik. Ақмола облысында жол коллапсын туғызған автокөліктердің соқтығысуы орын алды, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі ішкі істер департаментіне сілтеме жасай отырып.
Ведомствоның мәліметіне сәйкес, жол апаты 22 тамыз күні кешке Бурабай курорты – Астана тас жолында "Гелиос" автожанармай бекетінің маңында болды.
Тіркемесі бар DAF автокөлігін басқарған 1984 жылы туған Петропавл тұрғыны ара қашықтық сақтамай жол жөнекей кетіп бара жатқан Shacman көлігімен соқтығысты. Сол кезде артынан келе жатқан "Лада Прирора" DAF көлігінің тіркемесімен соқтығысты.
Нәтижесінде Ақкөл орталық аудандық ауруханасына MAN және DAF жүк көліктерінің екі жүргізушісі жатқызылды. 1977 жылы туған жолаушы үйіне қайтарылды. Тексеру жүргізілуде.
Жол апаты орнында сарапшылар қызметі апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізді.