Оқиға

Семейде жоғалған қыздың іздестіріліп жатқанына бір айдан асты

CC0 / / жеткіншек
жеткіншек - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қыз үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған

АСТАНА, 23 тамыз – Sputnik. Семейлік Жансая Сафаева шілденің ортасыда үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған, деп хабарлайды YK-news.kz.

Он тоғыз жасар Сафаева құрбысымен қыдырып кетіп, үйіне қайтпаған.

"Сол күні ол құрбысының үйінде қонған.  Жансая ол жақтан келесі күні түстен кейін кеткен, одан кейін оны ешкім көрмеді", — деді жоғалып кеткен Нұргүлдің тәтесі. 

Жоғалған қыздың туыстарының сөзіне қарағанда, ол байланысқа шыққан, бірақ қайда екенін айтпаған. Семей полициясы қыздың жоғалу дерегін растады.

"Біздің жедел қызметкерлеріміз жоғалып кеткен қызды іздестіріп жатыр", — деді ведомствоның баспасөз қызметі. 

Қыздың шашы ұзын қара, сол қолында кішкентай тыртығы бар. Бойы 165-168 сантиметр. Жансая ақ-қара жейде, джинсы киген. 

Қызды көрген немесе ол туралы қандайда бір ақпарат білетіндерді келесі нөмірлерге хабарласуларын сұрайды: 8 (747) 349-57-17, 8 (775)623-76-71 немесе "102".


Жаңалықтар
0