Өңірлер

Алматы әкімдігінде Төле би көшесіндегі жөндеу жұмыстарының қашан аяқталатынын айтты

© Sputnik / Анатолий УстиненкоАлматыда жол жөндеу жұмыстары
Алматыда жол жөндеу жұмыстары - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматыда барлық магистральды көшелердегі жол жөндеу жұмыстары аяқталды

АСТАНА, 22 тамыз — Sputnik. Төле би көшесіндегі жөндеу жұмыстары 25 қыркүйекте аяқталады, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметінде. 

Алматы әкімі Бауыржан Байбек кезекті жұмыс сапарында жол және коммуналды инфрақұрылымды қайта жасау жұмыстарының барысын тексерді. Бүгінгі күні магистральды көшелердегі жоспарланған 151 шақырым жолдың барлығына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Аудандық маңызы бар 85 көшелердегі жөндеу жұмыстары қазан айында аяқталады. 32 тротуарлардың 26 шақырымы жаңартылды және жөнделді. Биылғы жылы қала бойынша 317 шақырым су құбырлары мен 265 шақырым кәріз желілерін салуға және қайта жасауға қаржы бөлінді. Ұзындығы 284 шақырым болатын жаңа су құбырлары желісін іске қосу биылғы жылдың күзінде 175 мыңнан астам адам тұратын 35 мың тұрғын үйді сумен қамтудың орталық жүйесіне қосуға мүмкіндік береді.

Шевченко және Конаев көшелерінде көлік қозғалысы ашылды, бұлардағы рельстер алынып тасталды, арық лотоктары төселуде, тротуарлар, Орбита ышқам ауданынан Көкбазарға дейінгі велодәліздің бір бөлігі болып табылатын веложолдар абаттандырылуда.

 

Күрделі жөндеу жұмыстары жүрген Байтұрсынов көшесі бойымен Тимирязев көшесінен Абай даңғылына дейінгі жолдар аумағы да жөнделіп, мұнда да көлік қозғалысы ашылды, тротуарлар мен веложолдар көріктендірілуде. Жандосов көшесінің ұзындығы 2,8 шақырым болатын учаскесіндегі күрделі жөндеу жұмыстары да аяқталып қалды. Қазіргі кезде мұнда қозғалыс бөлігі, тротуарлар мен веложолдар абаттандырылуда.

Асқаров көшесінен Әл-Фараби даңғылының батыс бөлігіндегі ұзындығы 3,5 шақырым болатын су жүйелерін қайта жасалуда, соның арқасында қыркүйек айында 200 мыңға жуық қала тұрғыны ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Қала әкіміне қайта жасалған учаскеге қара асфальт төселген соң 30 тамызда көлік қозғалысының ашылатындығы баяндалды. Алматы әкімі Энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасының басшысына жұмысты жеделдетуді әрі сапалы атқаруды, аумақты көріктендіруге баса назар аударуды тапсырды.

Мегаполис басшысы Жұбанов, Төле би, Маметова және Қазыбек би көшелері бойындағы жылу жүйелерін қайта жасау жұмыстарын да тексерді.

«Төле би — үлкен көлік легі бар магистарльды көше. Мұнда ұзындығы 1,6 км болатын аумақта күшейтілген режимде жөндеу жұмыстары жүруде, технологиялық процесс толық сақталуда. Жұмысты 25 қыркүйекте аяқтауды жоспарлап отырмыз.Төле би бойымен Масанчиге бұрылатын жерден Қарасай батырға дейінгі аумақтағы жөндеу жұмыстарын тамыз айында бітіреміз, сонымен қатар Маметова мен Қазыбек би көшелеріндегі жөндеу жұмыстарын да осы мерзімде толық аяқтаймыз», — деді «Алматы жылу жүйесі» ЖШС директоры Ерболат Аманғалиев.

Жалпы, жаңа жылу маусымына дейін ұзындығы 32 шақырымнан асатын жылу жүйелері жөндеуден өтеді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,7 есе көп. Жұмыстар жаңаша изоляцияланған құбырларды қолдану арқылы жүруде, бұлардың пайдалану мерзіміу 40 жыл.

Сонымен қатар, қалада Фурманов, Абай, Хмельницкий көшелерін үңгілеу және бірнеше жолайрықтарын салу жұмыстары одан әрі жалғасады. Абай даңғылы бойындағы Есентай өзені арқылы өтетін көпірде күрделі жөндеу жұмыстары жүруде, оның солтүстік бөлігіндегі көлік қозғалысы 1 қыркүйекте, ал оңтүстігіндегі көлік қозғалысы 1 қазанда ашылатын болады

 

Жаңалықтар
0