Оқиға

"Нұр Әлемнің" сатылуы туралы хабарлама жалған болып шықты

© Sputnik / Болат ШайхиновЭКСПО көрмесі
ЭКСПО көрмесі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Нұр Әлем" өзіндік құнына – 433 миллиард теңгеге сатылады мыс

АСТАНА, 22 тамыз — Sputnik. Krysha.kz сайтында жарияланған ЭКСПО-ның басты ғимараты "Нұр Әлемнің" сатылуы туралы хабарлама бар болғаны қалжың, деп мәлімдеді "Колёса", "Крыша", "Маркет" өнімдер жөніндегі директоры Дмитрий Ботанов. 

ЭКСПО павильонының сатылатыны жайлы хабарламаның әзіл екені көрініп тұр. Осы скриншотты алғашқы болып жариялаған паблик әлеуметтік желілерде танымал боламыз деп ойлаған шығар. "Крыша" сайтында мұндай хабарлама болған жоқ. Ол модератордан өтпес те еді. Меніңше, скриншоттан мұның фотошоп екені көрініп тұр. Жалған хабарламаның дизайны біздің сайттағы хабарламалардан ерекшеленеді. Мысалы, интерфейсте кейбір элементтер болмауы мүмкін ("В избранное" немесе "Оставить заметку" сияқты сілтемелер) немесе бос қалып қалған жерлер", — деп келтіреді басылым Дмитрий Ботановтың сөзін.

© Photo : Krisha.kzОбъявление о продаже "Нур Алем"
Объявление о продаже Нур Алем - Sputnik Қазақстан
Объявление о продаже "Нур Алем"

Әлеуметтік желілерде қазақстандық "Нұр Әлем" павильонының сатылымға шыққаны жайлы суреттер тарала бастады. Хабарламаның скриншоты "Крыша" сайтында, ал кейіннен әлеуметтік желілердегі түрлі топтарда пайда болды. Онда ғимараттың бағасы 433 миллиард теңге деп көрсетілген.


Жаңалықтар
0