Қоғам

Қостанайда балабақша директоры кәсіпкерден 350 мың теңге пара сұраған

© Sputnikақша, пара
ақша, пара - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ол пара алып жатқан жерінде ұсталған

АСТАНА, 22 тамыз — Sputnik. Қостанайда пара алу үстінде ұсталған балабақша директорына қатысты қылмыстық іс сотқа келіп түсті, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі. 

Іс материалдарына сәйкес биылғы жылдың шілде айында жалпы сомасы 3 490 000 теңге болатын мемлекеттік сатып алулар туралы келісімге сәйкес "Башухина Б.Ж." жеке кәсіпкерлігі балабақшаның шатырын жөндеу жұмыстарын аяқтап жатқан. Балабақша директоры өзінің орынбасары арқылы келісімнің 10 пайызы көлемінде кәсіпкерден пара талап еткен. 350 мың теңгеге ол жөндеу жұмыстары бойынша орындалған жұмыстар актісіне еш кедергісіз қол қоймақ болған. 

26 шілдеде кешкі тоғыз шамасында Қостанай ауданы Мичурин елді мекенінде балабақша директоры орынбасары арқылы 350 теңге көлемінде пара алып жатқан жерінде ұсталды. 

Аталған қылмыстық іс бойынша сот отырысы 28 тамызда өтеді. 

 


Жаңалықтар
0