АСТАНА, 22 тамыз — Sputnik. Қостанай облысы Қостөбе ауылында қойдың басын үйтемін деп денесінің 50%-ы күйіп қалған жасөспірім 22 тамызда облыстық балалар ауруханада қайтыс болды.
Шілде айында 15 жасар жасөспірім қойдың басын үйтіп жатып, байқаусызда күйіп қалған. Баланы ауруханаға жатқызып, дер көзінде көмек бергенімен, дәрігерлер бетінің бері қарауы екіталай деп болжаған.
Қостанай облысы балалар ауруханасының бас дәрігері Игорь Белобржицкийдің айтуынша, зардап шегушіге алты рет операция жасалған.
"Аса ауыр күйік дертіне шалдыққан, жарақаты өте терең болды. Соның салдарынан науқастың көптеген органы қызметінің жетіспеушілігі туындап, көз жұмуына әкеп соқты", — дейді дәрігер.