АСТАНА, 22 тамыз — Sputnik. Астанада "Нұрсая" тұрғын үй кешенінен шыққан түтіннің себебін Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің ресми өкілі Руслан Иманқұлов Sputnik Қазақстан агенттігіне айтып берді.
Сейсенбі күні түсте "Нұрсая" тұрғын үй кешенінің алдында өрт сөндіргіш көліктердің жиналғаны байқалған. Сонымен бірге оқиға орнына жедел жәрдем мен полиция келіпті.
Иманқұловтың мәліметінше, сейсенбі 13.38-де Қонаев көшесінде орналасқан "Нұрсая-1" тұрғын үй кешенінде техникалық қабаттағы "Пиала" дәмхана мұржасында жиналып қалған май қалдықтары тұтанған.
Мұржада шыққан өрт аумағы 0,5 шаршы метр. Жалын өрт сөндірушілер келгенше сөндірілген. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.