АСТАНА, 22 тамыз — Sputnik. Қызылорда, Маңғыстау және Қостанай облыстарында дабылды ескерту жарияланды
23-25 тамызда Қызылорда облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыс, шығыстан екпіні 23-28 м/с жел болып, шаңды дауыл тұрады.
23 тамызда Маңғыстау облысында да кей жерлерде шаңды дауыл соғып, жел күшейеді.
Күндіз 23 тамызда Қостанай облысының кей жерлерінде 35 градус қатты ыстық болады.