АСТАНА, 22 тамыз — Sputnik. Алматыда Сирияның алты азаматы жалған Болгария төлқұжатымен ұсталды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК Шекара қызметі.
Олар Тегеран – Алматы рейсінің жолаушылары екен, құжаттарды тексеру барысында ұсталғандар Болгария Республикасы азаматтарының жалған төлқұжаттарын көрсеткен.
Құжаттар жартылай жалған болып шықты, Астана-Лондон рейсінде ұсталған сириялықтардыкіне ұқсайды.
Ұсталғандардың айтуынша, олар Қазақстан аумағы арқылы Еуроодақ елдеріне өтпек болған.