АСТАНА, 22 тамыз — Sputnik. Сириядағы ахуалды реттеу бойынша келіссөздер Астанада қыркүйектің ортасында өтуі мүмкін, деп хабарлады ҚР сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов.
Бұдан бұрын хабарланғандай, келесі кездесу Қазақстан елордасында тамыздың соңына дейін болуы тиіс еді.
"Ресейлік тараптан алынған ақпаратқа сүйенсек, бітімгерлік режимінің кепіл елдері (Ресей, Түркия және Иран) тамыздың соңына дейін сарапшылар деңгейінде техникалық кездесу өткізбек, күн тәртібінде Сириядағы ахуалды реттеу бойынша Астана процесі аясындағы кезекті кездесудің нақты күні белгіленеді. Алдын ала жоспар бойынша, қыркүйектің ортасында болуы мүмкін", — деді Әбдірхаманов сейсенбі күні тілшілерге.
Оның айтуынша, техникалық кездесу Астанада өтпейді.