АСТАНА, 22 тамыз — Sputnik. Бас прокуратурада ІІМ-нің Жамбыл облысында пышақпен төбелескен полицейді ұстау туралы мәлімдемесін жоққа шығарды, олардың болжамы бойынша полицей өз еркімен берілген.
Ведомствоның ақпаратына сәйкес, Бас прокуратурасының жедел тергеу тобы 10 тамызға қараған түні Тараздағы "Арай Плаза" бизнес-орталығының маңында болған оқиғаны тергеп жатыр. Жамбыл облыстық Экстремизмге қарсы күрес басқармасының басшысы Мұрат Үмбетәлиев пен осы ІІД-нің Криминалдық полиция басқармасының басшысы және аудандық ХҚКО басшысының арасында дау шығып, соңы пышақтасумен аяқталған болатын.
"19 тамызда 13:00-де Үмбетәлиев өз еркімен Шу аудандық прокуратурасына келіп, берілді, содан кейін ол Тараз қалалық ІІБ-нің уақытша ұстау изоляторына қамалды, қазір ол сонда", — деп атап көрсетті бас прокуратурада.
Бұған Бас прокуратураның күдіктінің жақындарымен және туыстарымен жүргізілген жұмыс нәтижесі сеп болды.
"Осылайша, ІІМ-нің Үмбетәлиевті полиция қызметкерлері ұстады деген мәліметі шындыққа жанаспайды", — деп түйді ведомствода.
10 тамыз күні түнде бірігіп ішімдік ішкен соң бұрынғы полиция қызметкері Жетпісбаев, Жамбыл облысы Ішкі істер департаменті басқарма басшылары Үмбетәлиев және Бектұрғанов арасында кикілжің туындап, арты төбелеске әкеліп соққан. Аталған дерек бойынша "Қастандық жасау" бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Министрлік атап өткендей, Бектұрғанов уақытша ұстау изоляторына қамалды, қазір Үмбетәлиевті ұстау бойынша шаралар қолданылып жатыр.