Экономика

"Астана ЭКСПО-2017" басшысын үнемділігі үшін мақтады

© Официальный сайт Президента КазахстанаЭКСПО көрмесін талқылау
ЭКСПО көрмесін талқылау - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Астана ЭКСПО-2017" басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті мемлекет басшысы мақтады

АСТАНА, 22 тамыз — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуге шығындардың қысқаруын атап өтті. 

"Біз құрған компания — "Астана ЭКСПО-2017" — алғашында шығын 800 миллиард теңге көлемінде болады деп жоспарлаған. Қолданылған шаралар нәтижесінде шығын көлемі екі есеге — шамамен 400 миллиард теңгеге қысқарды. Мұның бәрі Ахметжан Есімов жетекшілік ететін ЭКСПО-2017 ұйымдастырушыларының еңбегі. Олар жақсы жұмыс істеді", — деді Назарбаев Хабар телеарнасына берген сұхбатында.

Президент көрменің өзге елдердің жаңа технологияларымен танысуға мүмкіндік бергенін баса айтты.


Жаңалықтар
0