АСТАНА, 21 тамыз – Sputnik. Түркияның курортты Анталия қаласында болған жол апатынан қазақстандық зардап шекті, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов.
"Анталия-Кемер бағытындағы тас жолда тіркелген жол-көлік оқиғасынан 1979 жылғы қазақстандық азамат зардап шекті. Ол қолынан жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Оған жедел жәрдем көмегі көрсетіліп, жарақат алған қолы тігілді", — деді Жайнақов.
"Анталиядағы дипломаттарымыз зардап шегушімен байланыс ұстап отыр. Оның жағдайы жақсы. Ауруханада қалдыру қажеттілігі туындаған жоқ", — деп қосты баспасөз қызметінің жетекшісі.
Қазақстан азаматы демалысын жалғастыруды шешкен.