Өңірлер

Синоптиктер алдағы үш күнде ауа райы қандай болатынын айтты

© Sputnik / Болат Шайхиновжаз
жаз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
22-24 тамызға арналған ауа райы болжамы

АСТАНА, 21 тамыз  – Sputnik. Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады, деп хабарлайды Қазгидромет. 

Қазақстан аумағы Қостанай қаласының үстінде орналасқан кезекті антициклонның ықпалында болады. Сондықтан жақын күндері еліміздің басым бөлігінде ауа-райы жауын-шашынсыз болады. 

Тек қана шығыста және оңтүстік-шығыста атмосфералық фронттар өтіп, өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейеді деп болжап отыр синоптиктер. 

Ауа температурасы батыс, солтүстік-батыста түнде 10-23 градус жылы, күндіз 27-38 градусқа дейін жылы, солтүстік, орталық және шығыста түнде 5-15 жылы, күндіз 23-35 градусқа дейін жылы, оңтүстігік, оңтүстік-шығыста түнде 10-20 градус жылы, күндіз 22-35 градусқа дейін жылы болады. 

Қызылорда облысында 22 тамызда желдің екпіні 25 м/с болып, шаңды дауыл тұрады. 

 

Жаңалықтар
0