Мәдениет

Қазақстандық Алина Сансызбай Koktebel Jazz Party фестиваліне қатысты

© Photo : скрин видео выступления Алины СансызбайАлина Сансызбай
Алина Сансызбай - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматылық бүлдіршін Қырымдағы Koktebel Jazz Party фестивалінде өнер көрсетті

АСТАНА, 21 тамыз  – Sputnik. Тоғыз жасар Алина Сансызбай, "Поколение Next" фестивалінің жеңімпазы, "Голос. Дети 4" шоуының финалына қатысушы Koktebel Jazz Party фестивалінде өнер көрсетті.

Алина 18 тамызда Think әнін орындап, Волошин сахнасында жас орындаушылар концертін ашты. Қыздың орындауындағы әнді атақты джаз трубашысы Валерий Понамарев бастаған музыканттар сүйемелдеді. Ал 19 тамызда жас әнші фестивалдің жаңа алаңы "Артек-аренада" Коктебелден 130 шақырымда орналасқан Артек балалар орталығында өнер көрсетті.

Koktebel Jazz Party — 2003 жылдан бастап жылма-жыл өткізіліп келе жатқан халықаралық джаз фестивалі. Фестиваль Коктебел джазының негізін қалаушы – тілші Дмитрий Киселевтің жеке бастамасымен ұйымдастырылған. Фестиваль Қырымның шағын ауылымен аталады. 

Koktebel Jazz Party фестиваліне ақпараттық қолдау көрсетуші – "Россия сегодня" халықаралық медиатобы, "Россия 1", "Россия-Культура" және "Россия 24" телеарналары, JAZZ 89.1 FM радиосы, "Маяк" радиосы, "Культура" радиосы, "Вести FM" радиостанциясы, Еуразиялық коммуникациялық орталық. Арнайы серіктесі — "Смоленские Бриллианты" компаниясы.

Жаңалықтар
0