Қоғам

Елімізде әр жетінші қазақстандық баспанаға мұқтаж

© Sputnik / Алексей Филиппов / Медиабанкке өтуТұрғын үй
Тұрғын үй - Sputnik Қазақстан
Жазылу
БҰҰ стандартына жету үшін 2030 жылға қарай Қазақстанда тұрғын үй қорының өсу қарқынын бес есе арттыру керек

АСТАНА, 21 тамыз  – Sputnik. 2016 жылдың соңында Қазақстанда баспанаға мұқтаж адамдар саны 2,5 миллионды құрады. Бұл халықтың 14%-ы, яғни әр жетінші қазақстандық. Бұл статистика мен тұрғын үй қорының өсу қарқыны туралы ақпаратпен Ranking.kz сайты бөлісті.

пәтер кілті - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астана әкімдігі мембағдарламамен баспана ұсынатын алаяқтар туралы ескертеді

Зерттеу авторлары БҰҰ стандарты бойынша тұрғын үймен қамсыздандырылу деңгейін көрсетеді, ол талап бойынша бір адамға 30 шаршы метрден келуі тиіс.

2030 жылдың соңына қарай БҰҰ стандартына жету үшін, елдегі тұрғын үй қоры соңғы 14 жылда екі есе артуы тиіс. Ал орташа жылдық өсім кем дегенде 5% болуы қажет. 


Жаңалықтар
0