АСТАНА, 20 тамыз – Sputnik. Шымкентте қалалық автобус бағдамшамның жасыл түсіне өтіп бара жатқан адамды соғып кетті, деп хабарлады Titus басылымына оқиға куәгерлері.
Оқиға куәгерінің айтуынша, 19 тамызда ол Солтүстік шағын ауданында келе жатып, жол қиылысында тоқтаған. Ал артында келе жатқан автобус қызыл түске өтіп кетпек болады. Осы уақытта бағдаршамда тұрған адамдар жолдан өте бастайды да, автобус олардың бірін соғып кетеді.
Қазақстанда автобустардың қатысуымен жол апаттары жиі болып тұрады. Соңғы екі аптада Алматы және Қарағанды облысында осындай екі жол апаты туралы белгілі болды. Салдарынан 15 адам зардап шекті.