АСТАНА, 19 тамыз – Sputnik. Республикамыздың басым бөлігі бұрынғысынша антициклонның ықпалында болады, сол себептен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет метеоқызметі.
Кей жерлерде желдің күшеюі күтіледі.Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде найзағай болады, бұршақ жаууы мүмкін, түнде және таңертең тұман, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде тұман, күндіз найзағай болып, бұршақ жаууы мүмкін.
Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай болып, жел 15-20 м/с күшейеді, түнде кей жерлерінде тұман болады. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, түнде тұман болады, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, облыстарында, түнде Алматы облысында, күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Алматы облысында жел найзағаймен бірге болады.
Атырау облысында, Алматы, Батыс Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі күтіледі.
Батыс-Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты ыстық ауа райы сақталады.