АСТАНА, 18 тамыз — Sputnik. Алматыда автокөлік қалалық автобустың жолын кесті, салдарынан автобустың бірнеше жолаушысы зардап шекті.
Sputnik Қазақстанға көзбен көрушілер айтқандай, оқиға Сейфуллин және Мәметова көшелерінің қиылысында орын алды. №63 автобус Сейфуллин көшесімен солтүстік бағытта қозғалып кел жатқан, Мәметова көшесіне төменірек жерде Mitsubishi автобустың "жолын кесті".
Соқтығысудан қашқан жүргізуші бірден тежеуішті басты. Автобустың төрт жолаушысы зардап шекті, олар ауруханаға жеткізілді.
Алматы полициясы жеңіл көліктің жүргізушісіз іздестіріп жатыр.