АСТАНА, 18 тамыз – Sputnik. Еліміздің кей өңірлерінде күн 37 градусқа дейін ысиды, деп хабарлайды Қазгидромет.
Қазақстанның басым бөлігі бұрынғыдай антициклонның ықпалында болады. Елдің батыс, солтүстік-батыс, оңтүстік-батыс жартысында алдағы күндері күн ашық болады, күндіз термометр бағанасы 28-37 градусқа дейін көтеріледі.
Республиканың солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс жартысында күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады. Желдің күшейіп, бұршақ түсуі мүмкін. Түнгі ауа температурасы 2-12, күндіз 20-32 градусқа дейін ысиды.
Оңтүстік аймақтарда желге байланысты дабылды ескерту жарияланған. Қызылорда облысында 19 тамызда солтүстік-шығыс, солтүстік желдің күші 15-20 м/с болады. Оңтүстік-Қазақстан облысында 18-20 тамызда тәулік бойы солтүстік-шығыстан секундына 17-22 метр жел соғады.