АСТАНА, 18 тамыз – Sputnik. Ал қазір қолдағы мәлімет бойынша Барселонада Рамбл көшесінде болған терактіде қаза болып, зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматтары жоқ, деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Әнуар Жайнақов.
"Алдын ала ақпарат бойынша Барселонадағы теракты салдарынан зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл алдын ала мәліметтер. Анықтау жұмыстары жалғастырылуда. Қазақстанның Барселонадағы консулдығы жергілікті құқық қорғау органдарының өкілдерімен тығыз байланыс ұстап отыр", — деп хабарлады Әнуар Жайнақов.
Еске сала кетсек, бейсенбі кешке Барселонаның туристік орталығы мен Камбрильс қаласында екі теракт болды.