Қоғам

Интернетте сайлау алды насихаттауды Қазақстанда жолға қоймақ

© Photo : Pixabay / StartupStockPhotosПрограммист
Программист - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанда интернеттегі сайлау алды насихаттау әлі күнге дейін реттелмеген

АСТАНА, 18 тамыз – Sputnik. Қазақстанның бас прокуратурасы интернетте үміткерлердің сайлау алды насихатын реттеуді ұсынады, деп хабарлады бас прокурордың бірінші орынбасары Ғизат Нұрдәулетов. 

Жұма күні әділет министрлігінде "ҚР-дағы саулау туралы" конституциялық заңға түзетулер жобасының тұжырымы ұсынылды. 

Бас  прокурор орынбасарының атап өтуінше, конституциялық заң насихаттауды ТВ және баспасөз материалдары арқылы ғана жан-жақты реттейді. Дегенмен "Сайлау туралы" заңның көпшілік бұзушылығы интернет арқылы жасалады. 

 "Қолдап немесе қарсы дауыс беруге шақыратын мәлімдеме жасауға, кандидаттардың фото және видеоматериалдарын жариялау, онлайн дауыс беру немесе интернетте алды ала дауыс беруге қатысты мәселелерді заң тұрғысынан реттеу ұсынылады", — деді Нұрдәулетов. 


Жаңалықтар
0