Саясат

Назарбаев Испаниядағы террорлық актіге байланысты көңіл айтты

© AFP 2024 / JOHN MACDOUGALL Ақорда
Ақорда - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елбасы Испаниядағы екі терактіге байланысты көңіл айтады

АСТАНА, 18 тамыз – Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбае Испания Королі VI Фелипеге Барселона қаласында болған террорлық актіге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарланады Ақорданың ресми сайтында. 

Мемлекет басшысы террорлық акт салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

"Қазақстан бейбітшілік пен қауіпсіздікке қарсы бағытталған бұл жантүршігерлік әрекетті қатаң айыптайды және терроризммен күресте жаһандық ынтымақтастықты кеңейтуді қолдайды", – делінген жеделхатта.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан қаза болғандардың отбасылары мен жақындарына, барша испан халқына, сондай-ақ Испания Королі VI Фелипеге көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.


Жаңалықтар
0