АСТАНА, 18 тамыз – Sputnik. Ақмола облысындағы орман алқабынан белгісіз адамның қаңқасы табылды, деп хабарлады Sputnik Қазақстн тілшісіне өңірлік ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Адамның сүйегін Астана қаласының 51 жастағы тұрғыны кешкі сағат 19 шамасында Малотимофеевка елді мекенінен үш шақырым жерде Астана-Қостамар автожолының бойындағы орман алқабынан тауып алған.
Мүрде қалдықтары Астана қаласындағы сот-медицина орталығына жеткізіліп, зерттеулер белгіленді.
Әзірге табылған адамның кім екені анықталған жоқ, тергеу жүргізіліп жатыр.