Оқиға

Алматыда шетел көлігі мас жаяу жүргіншіні қағып мерт қылды

© Sputnikжол апаты
жол апаты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жұмаға қараған түні Алматы тұрғындарының бірі үшін ұзаққа созылған ішімдік ішу өліммен аяқталған жол апатымен айналды

АСТАНА, 18 тамыз – Sputnik. Алматыда Райымбек даңғылы бойында "Апорт" сауда орталығының маңында көлік жаяу жүргіншіні қағып өлтірді, деп хабарладды Sputnik Қазақстанға құқық қорғау органдарында. 

Көзбен көрушілердің сөзіне қарағанда, екі мас ер адам бағдаршамның қызыл түсіне өтпек болған. Олардың бірі өтіп бара жатқан кезде жүріп келе жатқан Toyota Camry әрекет етіп үлгере алмай ер адамды қағып кетті. 

Зардап шеккен ер адам ауруханаға жеткізілді. Ол алған жарақаттардан сол жерде жан тапсырды. Оның жасы 45-тер шамасында болатын. Көршілердің сөзіне қарағанда, ер адамдардың ішіп жүргеніне біраз болған екен. 


Жаңалықтар
0